Бөлім меңгерушісі
Олту Наталья Николаевна - жоғары санатты нарколог дәрігер, жұмыс өтілі 13 жылдан астам
Бөлімше жіті және жітілеу жағдайларды дәрі-дәрмекпен түзетуді жүргізуге, психобелсенді заттарға тәуелді адамдарды мотивациялық терапияны жүргізуге бағытталған. Алкогольдік және есірткілік тәуелділігі бар ер пациенттерді ерікті емдеуге арналған. 70 төсектік бөлімше. Бөлімшенің құрамына 2 медициналық бекет кіреді: алкогольге тәуелді пациенттерді емдеуге арналған 30 төсектік бірінші бекет, алкогольге және есірткіге тәуелді пациенттерді емдеуге арналған 40 төсектік екінші бекет.
Бөлімшеде барлық қажетті диагностикалық, емдеу-профилактикалық және оңалту іс-шаралары жүзеге асырылады. Туыстары мен пациенттеріне психоқұрылым және консультациялық көмек үздіксіз жүргізіледі. Бөлімшеде қажет болған жағдайда дәрігерлік-консультациялық комиссияның тексерулері, терапевт, невропатолог дәрігердің тексерулері жүргізіледі, сала бойынша мамандықтағы дәрігер-консультанттар шақырылады.