Дағдарыс орталығының сенім телефоны 8 (7172) 54-76-03

Орталықтың соңғы жаңалықтары

ҚР Ұлттық гвардиясының 3656 әскери бөлімінің офицерлік құрамымен семинар-тренинг өтті

Тақырыбы: «ҚР ҚК ұшу құрамының психикалық денсаулығына психобелсенді заттардың әсері»

Семинардың негізгі мақсаты:

- психобелсенді заттарды қолданудың салдары туралы әскери қызметшілердің хабардар болу деңгейін арттыру;

- ПБЗ-ға теріс қатынасты және қазақстандық қоғамда есірткі құралдарын пайдаланудың әлеуметтік қолайсыз имиджін қалыптастыру;

- ҚР Ұлттық ұланы жеке құрамының қазіргі заманғы жағдайларда әскери қызметшілердің алдында тұрған міндеттерді орындау кезінде психилогиялық жүктеменің өсуі жағдайында күйзеліске төзімділікті және өмірге төзімділікті арттыру, белсенді психологиялық қорғау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

- психикалық денсаулықты сақтау және нығайту пайдасына қоғамдық оң пікір қалыптастыру;

Ұйымдастырушылар: Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК, «Астана медицина университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасы, кафедра ассистенті Қойшыбеков Т. Т., 196 топ резиденттері Кахарова Дильдора және Кударова Камила

Қатысушылар:

ҚР ҰҰ 3656 Ә/Б офицерлік құрамы.

Акцияның өтетін орны: ҚР ҰҰ 3656 ә/б.

Өткізу уақыты: 10.30.- 12.00.  25.03.2022.

Іс-шараның басталуы

25.03.2022 ж. ҚР Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы»ШЖҚ МКК, «Астана медицина университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасының өкілдері кафедраның ассистенті Т. Т. Қойшыбеков, 196 топ резиденттері Кахарова Дильдора және Кударова Камила жеке құрам арасында психобелсенді заттарды теріс пайдаланудың, агрессивті және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, алкоголь, есірткі тұтынудың және темекі шегудің алдын алу бойынша семинар өткізілді.

196 тобының резиденттері Д. Кахарова мен К. Кударова суицидтің алдын алу және ББЗ-ның психикалық қызметке әсері туралы баяндамалар ұсынды.

Әскери бөлімнің ұшу құрамы баяндамаларды қызығушылықпен қабылдады және қазіргі заманғы психобелсенді құралдардың әсер ету ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды.

Әскери бөлім қолбасшылығы жүргізілген жұмысты жоғары бағалап, баяндамашыларды грамоталармен марапаттады.

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.