Дағдарыс орталығының сенім телефоны 8 (7172) 54-76-03

Орталықтың соңғы жаңалықтары

Назар! Хабарландыру!

Емделушілер мен олардың туыстарының назарына!

Хусейн Бен Талал көшесі, 7 мекенжайындағы наркологиялық блок базасында шекаралық және невротикалық бұзылыстар  бөлімі жұмысын қайта бастады.

Шекаралық және невротикалық бұзылыстар бөлімшесі Астана қаласының тұрғындарына мамандандырылған психоневрологиялық көмекті жүзеге асырады.  

Егер сіз депрессиялық күйге, ұйқысыздыққа, мазасыздыққа, қорқынышқа, отбасындағы шешілмеген мәселелерге, ажырасуға, жақын адамын жоғалтуға, ұрпақтар қкеліспеушілігіне, денсаулық мәселелеріне, отбасылық қиындықтарға, қиын өмірлік жағдайларға, ұжымдағы күрделі қарым-қатынастарға, психологиялық қорғансыздыққа, өз-өзіңізге сенімсіздігіңізге алаңдасаңыз, орталық психологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі және емдеу-сауықтыру курсына шақырады.

Шекаралық және невротикалық бұзылыстар бөлімінде психология, психотерапия, психиатрия мамандары жұмыс істейді. Сізге  қызмет көрсететін гипнотария, жеке және топтық психотерапия, сенсорлық бөлме бар.  

Мұнда сізге жағдайыңызды диагностикалау қызметін мен емдеудің кәсіби әдісін тәсілін ұсынады.

 

Бөлімнің негізгі функциялары:

* қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды қолдана отырып, шекаралық психосоматикалық бұзылыстарды диагностикалау және емдеу;

* тіркелген аумақтың денсаулық сақтау органдары мен мекемелеріне үйлестірілген шекаралық психикалық және соматикалық патологияның алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша консультациялық көмек;

* шекаралық психосоматикалық бұзылыстары бар науқастарды емдеудегі сабақтастық;

* науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама.

 

Бөлімшеде патологияның мына түрлері бойынша көмек көрсетіледі:

* Шекаралық психотикалық емес деңгейдегі бұзылыстар

* Басынан өткерген инсульт, бас миының жарақаттары, коронавирустық инфекцияға байланысты психотикалық емес жағдайлар

* Невроздар, ұйқының бұзылуы

* Неврозға ұқсас жағдайлар

* Диенцефалиялық синдромдар

* Әр түрлі қорқыныш пен беймазалық.

 

Бізде мынадай бөлмелер бар:

- Демалуға арналған бөлме. Науқастар шахмат ойнайды, кітап оқиды, теледидар көреді және жай ғана бір-бірімен әңгімелесіп, бос уақыттарын өткізеді. Бұл бөлмеде музыкалық терапия да бар.

- Топтық психотерапия залы. Залда психотерапевтер мен психологтар емделушілерге топтық форматта терапия жүргізеді.

- Сенсорлық бөлме. Бұл бөлменің жабыны жұмсақ, еденге төсеніш төселген. Онда жұмсақ жиһаздар мен жастықшалар, шарлармен құрғақ бассейн бар. Ол шашыраңқы жарық шығаратын жарық аспаптарымен жабдықталған, олар ілулі қозғалмалы құрылымдармен (айна шары, құрғақ жаңбыр), музыкалық жүйемен (жұлдызды аспан, жұлдызды жаңбыр) фибероптикалық әсерге ие.

- Арт терапия бөлмесі, кәсіби суретшінің жетекшілігімен эмоцияларыңызды қағазға түсіруге, білдіруге қажет нәрсенің бәрі  бар.

- Гипнотария. Маманның бақылауымен тереңірек релаксацияны қажет ететін емделушілерге арналған (терапияның осы түріне арналған көрсеткіштерді ескере отырып)

- Жеке психотерапияға арналған кабинеттер  –  сіздің сұраныстарыңызды ескеріп, мамандардан психотерапия алуға болатын жайлы кабинеттер. Мұнда топтық терапияның басқа түрлері де жүзеге асырылады (скандинавиялық жүріс, мүсін жасау, тоқу және т. б.)

 

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Хусейн бен Талал көшесі, 7 

  • dummyҚабылдау: 33-17-71

  • dummyТіркелу: 33-14-06

  • dummynarkokon@mail.ru

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

І.Жансүгіров көшесі, 12 

  • dummyҚабылдау бөлімі: 54-76-23

  • dummyТіркелу: 54-76-17

  • dummymcppz@mail.ru

Жаңалықтарға жазылу

© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ

Please publish modules in offcanvas position.